
Ғылыми мақалалар қолжазбаларын рецензиялау мақсаты – жарияланатын мақаланың сапасын, нәтижелердің дұрыстығы мен сенімділігін қамтамасыз ету, басылымның жоғары ғылыми-теориялық деңгейін сақтау, сондай-ақ ең өзекті және практикалық маңызы бар ғылыми жұмыстарды іріктеу.
Мақалалар журнал редакциясына түскен соң алғашқы сараптамадан және рецензиялаудан өтеді. Қолжазба журнал профиліне, талаптарға және рәсімдеу ережелеріне сай тексеріледі. Мақала Strikeplagiarism.com арқылы тексеріледі. Кемшіліктер анықталса, мақала рецензиялаусыз қайтарылады.
Екіжақты жасырын рецензиялау әдісі қолданылады (double-blind peer review). Рецензенттер редактормен тағайындалады, олардың аты-жөні авторға жария етілмейді. Барлық рецензенттер объективті болуы тиіс.
Мақалаларды рецензиялау мерзімі 3 аптадан аспайды.
Рецензияда мақала өзектілігі, нәтижелер сенімділігі, жаңалығы, ғылыми және практикалық маңыздылығы көрсетіледі. Қорытынды түрлері:
Позитивті рецензия болса, мақала редакциялық алқа отырысында қаралады. Ескертулер болса, авторға қайта жіберіледі.
Екі теріс рецензия жағдайда авторға ресми бас тарту беріледі. Бір теріс, бір оң рецензия болса, мәселе редакциялық алқада қаралады.